2020 жылы 28 қазанда «Жұлдыз» ортаңғы тобында «Берекелі Алтын күз» тақырыбында ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылды және өте керемет деңгейде өтті. Ертіңгілікке Күз ханшайымы,Күн, Бұлт кейіпкерлері келіп, балаларға жақсы қойылым көрсетті.Түрлі күз тақырыбында қимылды ойындар ұйымдастырылып, ән, билер орындалды. Ертеңгілік соңында балаларға Күз айының базарлығы жеміс-жидектер таратылды.












