«Айналайын» балабақшасында «Балапан» ерте жас тобында және «Ботақан» І кіші тобында «Наурыз- Жыл басы» атты ертеңгілік өтті. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурызға кішкентайлардың тобында балаларға өте қызықты болды. Ұлы мерекеге балалар Наурыз қызбен би биледі. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай ақ кимешекті әжеміз шашу шашып тойды бастады. Тойды одан әрі Алдар атамыз жалғастырды. Балалармен бірге ұлттық ойындар «Қыз куу», «Асық ату», «Ханталапай» ойынын ойнатты Батасын беріп, жолға аттанды. Ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, Қыдыр ата келді. Қыдыр ата Ұлыстың ұлы күніне батасын беріп, ертеңгілік «Қаражорға» биімен аяқталды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/191-nauryz-zhyl-basy.html#sigFreeIdf5786a1c17












