13-шілде 2016-жылы «Ботақан» тобында балаларды жазғы сауықтыру және қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында «Күнді қонаққа шақырамыз» атты тақырыпта жазғы ойын-сауық іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада балалардың жас ерекшелігі ескерілді. Ойын сауыққа «Күн» кейіпкері кіріп, өзінің тақырыпқа сай ойынымен балаларды қуантты және де ойын сауық барысында түрлі жаттығулар жасалды. Іс-шараның сергіту сәтінен кейін балалар кейіпкеріміздің бейнесін өз саусақтарымен құмда салды. Ойын сауық бүлдіршіндерге ұнады және қызықты болды.