2019 жылы наурыз айының 15 күні профессор Сәбит Сейітұлы Контаев мырзаның 70 жас мерей тойына орай Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Сохраняя прошлое, создаем будущее» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияға «Айналайын» бөбекжайының директоры Кульмаганбетова Айткуль Женісқызы бөбекжайдағы инклюзия бағытындағы жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасап, Сәбит Сейітұлын құттықтады. Сонымен қатар «Айналайын» бөбекжайы 5 жылдағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардан үлкен көрме ұйымдастырды. Көрмеде бөбекжай балаларының тұрмыс-тіршілігі, педагогтардың облыстық, қалалық семинарлар, шебер-сыныптарынан көріністер орын тапты.
«Айналайын» бөбекжайында Сәбит Сейітұлының қолдаумен, ұсынысымен инклюзивті білім беру бағыты бойынша жоба жасалып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Педагогтарға профессор тарапынан көптеген семинар, лекциялар өтіліп тұрды. Бөбекжай педагогтары әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға, байқауларға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктерге қол жеткізген еді.
Эксперименттік жұмыстардың дұрыс бағытта жүргізілуіне және оң нәтижемен аяқталуына әрдайым көмек беріп, ақыл-кеңес беруші жетекшіміз Сабит Сейітұлына алғысымыз шексіз.
Елдің ертеңіне елеңдейтін абзал жанның бірі –Қарағанды өңіріндегі жас- кәріге есімі белгілі Сабит Сейітұлы Контаев. Қадірменді ұстазымызды қай жағынан қарасаңыз да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл гауһар сияқты. Ол кісіні білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі.
Сабит Сейітұлы -талапты қатты қоятын, өз ісін өте жақсы білетін, білімді ұстаз.Барлық педагогтарға қамқоршы, білмейтінімізді жалықпай үйретуші, өмірдің ағымын алдын ала байқайтын көреген ұстаз.
Біздің тілегіміз, төңірегіңізге шашқан адамгершілік нұрыңыз ортаймасын. Қашанда қадірлісіз. Өзіңізге де, отбасыңызға да зор денсаулық, амандық тілейміз.
Біз “Айналайын” бөбекжайының ұжымы: “Ұлағатты ұстаздан тәрбие-білім, жанарынан жанымызға жылу алғандармыз”,-деп мақтанышпен айтамыз. Сабит Сейітұлы, мерей тойыңыз құтты болсын!!!
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/336-sokhranyaya-proshloe-sozdaem-budushchee.html#sigFreeIde2b77b35bb












