Фестиваль ұйымдастырушы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы  Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ).

Фестивальдің мақсаты: жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға (балаларға) тиімді әдістемелік ұсынымдарды және технологияларды анықтап іске асыру, инклюзив үдерісіне енгізу мен дамытуда озық тәжірибені анықтау.

Фестиваль міндеттері: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу; орта білім беру, кәсіптік және техникалық орта білім беру; жоғары кәсіби білім мен барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің қолданыстағы тәжірибесін талдау мен жинақтау.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ фестивалінің қатысушылары Қазақстан Республикасының әр облыстарынан болды, олар: Астана, Алматы, Орал, Қызылорда, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Павлодар.

Фестивальға ғылыми-тәжірибелік орталық ұжымы мен қызметкерлері, ЖОО, Білім басқармасы қызметкерлері мен әдістемелік кабинеттер, оқытуда және тәрбиелеуде инклюзивті амалдарды қолданатын, ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларды (балаларға)  психологиялық-педагогикалық қолдайтын, барлығына бірдей және кедергісіз оқытатын барлық деңгейдегі білім беру ұжымы педагогтары қатысты.

Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайының директоры Кульмаганбетова Айткуль Женисовна  және инклюзивті білімді үйлестіруші педагог-психолог Искакова Халида Кабулановна қатысты. «Айналайын» бөбекжайының директоры Кульмаганбетова Айткуль Женисовна  «Айналайын» бөбекжайындағы инклюзивті білім берудегі тәжірибесі» тақырыбында доклад (баяндама) дайындады.  Баяндама бөбекжайдағы инклюзивті бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар және 2013жылдан бастап осы уақытқа дейінгі атқарылған іс-шаралар, жұмыстар тәжірибесімен бөлісті.

2017 жылдың 31 қазанында Алматы қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖ ҚБАРИ-да фестивальдің қорытынды кезеңі өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы  Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының үйымдастыруымен:  «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе және технологиялары» тақырыбындағы өткен республикалық әдістемелік фестивалінде Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайы ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды және қатысушылар сертификаттармен  марапатталды.

2017-2018 оқу жылы «Айналайын» бөбекжайы үшін өте жақсы басталды. Бөбекжайдағы жүргізіліп жатқан жұмыстар, педагогтардың тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз және балаларға деген  махаббатымыз деп білемін.