2017жылдың 26- шілде күні«Айналайын» бөбекжайының бүлдіршіндері қалалық кітапханаға саяхатқа  барды.  Балаларды кітапханамен таныстыру;кітап туралы түсінігін кеңейту; кітаптарға деген қызығушылығын арттыру; кітапханашымен, оның қызметімен таныстыру мақсатында болды. Бүлдіршіндерді  қалалық кітапхананың меңгерушісі  Кенжебекова Павлина  Сиязбековна  құшақ жая қарсы алды.    Бірінші  қабаттан бастап кітапхана ішіне саяхат жасады. Бізге келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетті және «Сүйікті кітаптар» атты кітап көрмесімен және «Ата мұра» көрмесіндегі қазақтың салт дәстүрлерін  таныстырды. Балақайларға көрме өте ұнады. Балаларға арналған көркем әдебиеттер өте көп. Баланың қызығушылығын тудыратын, ой-өрісін дамытатын шығармалар, суреттер, интерактивті кітаптар  көз тартады. Балалар кітаптарды қызығушылықпен көріп   ертегілермен танысты. Кітапхананың қызметкерлері балақайларға кітапқа деген құштарлығын оята білді.