Музыка залы мерекеге сай шарлармен ,гүлдермен безендірілді.Мерекеміздің басында Патша отырып,балалардың білімін , өнерін тамашалады. Ертеңгілікте балалар ән шырқап, тәрбиешілеріне арналған тақпақтарын айтты.Минни Маус келіп балалардың көңілін көтерді.Балалар «Сиқырлы түстер» ойынын ойнады. Жігіттер «Жастық» биін биледі.Сәнқой қыз келіп балалардың өнерлерін тамашалады.Оларға «Көңілді маскарад» ойынын ойнатты.Балалар бөбекжай педагогтары мен қызметкерлеріне арнап тақпақтарын айтты.Ұлдар мен қыздар «Вальс» биін биледі. Барлығы бірге «Біз мектепке барамыз» әнін шырқады.
Ертеңгілік соңында ата-аналарды және балаларды мақтау қағаздарымен марапаттау рәсімі өтті.Ата-аналар да өз алғыстарын айтты.Балалар шарларын аспанға ұшырды. Барлығы жақсы әсер алып қайтты.












