Бұл семинарға «Алмагүл», «Айсұлу» балабақшаларынан, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан «Айгөлек» балабақшасынан педагогтар, Приозерск қаласының балабақшаларының басшылары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Семинарды Приозерск қаласы білім бөлімінің әдіскері Қ.И. Ибраева алғы сөзімен бастады. Содан кейін «Айналайын» бөбекжайының директоры А.Ж.Кульмаганбетова «Балабақшада инклюзивті тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында баяндама оқыды. Және Қарағанды қаласының «Алмагуль» бөбекжайының педагог-дефектолог Завгородняя Т.А. «Особенности использования технологии трехмерной методической системы обучения Ж.А.Караева в работе с дошкольниками» тақырыбында баяндама оқыды.
Білім беру бағыты бойынша шеберлік сыныптар:
- «Білімпаз» таным зертханасы «Мамандықтар әлемі»
- «Ғажайып орта» әлеуметтік зертхана «Матаны бояу»
Дамыту бағыты бойынша шеберлік сыныптар:
- «Саулық пен сымбат» денсаулық зертханасы «Степ-аэробика жаттығулары»
- «Сиқырлы тіл» қатынас зертханасы «Мен ертегілер әлемінде болғанда...»
- «Жас шебер» шығармаршылық зертханасы «Тұзбен сурет салу»
Түзете-дамыту бағыты бойынша шеберлік сыныптар:
- Монтессори сабақтары: «Санау штангалары мен сандар», «Бұдыр сандар»
- «Қиқар дыбыстар» логопедтік зертханасы «Логопедиялық артикуляциялық жаттығулар»
- «Жас өнерпаз» шығармашылық зертханасы «Сәнқой қыздар»
- «Қызықты әлем» психологиялық зертханасы «Мектепке дейінгі мекемеде арт-терапия әдісін қолдану» шеберлік сыныптарын көрсетті.
Осыдан кейін балабақшаға саяхат жүргізілді. Семинар «Жас өнерпаз» музыкалық шығармашылық зертхананың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Педагог-психолог Х.К.Искакова семинар жұмысын қорытындылап «Бәрі өз қолымда» атты рефлексия өткізді. Семинарға қатысушылар өз пікірлерін айтып, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыс білдірді. Семинар-практикум жоғары деңгейде өтті деп бағаларын берді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/306-2017-zhyldy-27-s-uirinde-priozersk-alasy-ajnalajyn-b-bekzhajynda-balaba-shada-y-inklyuzivti-bilim-berudi-ma-yzdyly-y-zh-ne-zh-rgizilu-disi-ta-yrybynda-y-k-sibi-auymdasty-bojynsha-ajnalajyn-ajs-lu-almag-l-b-bekzhajlary-arasynda-t-zhiribe-almasu-ma-satynda-y-oblysty-seminar-praktikumy-tti.html#sigFreeIdddc7f37ccb












