"Тайжарыс" фестивалі тартымды қызықты өтті. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"- дегендей шабытпен дайындалып келген өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып көрермендерді таңқалдырды. Оразақын Жалғас "Аяулы анашым" әнін орындап, көрермендердің шапағатына бөленді. Міне осылай марапаттау кезеңі де келіп жетті. "Бақ шаба ма, бап шаба ма" деп, өз өнерпаздарын дайындап келіп бәйгеге қосқан музыка жетекшілері мен ата-аналарға, "Тайжарыс" фестивалінің президенті Гүлбағыш Бостан және әділқазы мүшелері алғыс хаттарын тапсырды. Өз өнерімен халықтың көңілінен шыққан өнерпаздарды марапаттау басталды, Оразақын Жалғас вокал жанры бойынша 1-ші орын иеленіп фестиваль лауреаты атанды.

V Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауының ұйымдастырушысы Гулбағыш Бостан өз қолымен жеңімпаздарды, бағалы сыйлықтармен дипломдармен марапаттады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға, басшылыққа жұмыстарына табыстар тілейміз. Өнерпаз балаларымызға қадамдарын сәтті болсын, өнерлерін өрге жүзсін демекшіміз!