Ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Айналайын» бөбекжайында хореограф Нуршаева Перизат Маратқызының  «Балаларды би өнеріне баулу және байқауларға қатыстыру» - атты семинары өтті. Семинарға бөбекжай тәрбиешілері қатысты. Семинардың мақсаты: балаларға би билеп үйрету арқылы би өнеріне баулу, шығармашылықтарын дамыту және қимыл қозғалыстар жасау арқылы дене сымбатының дұрыс дамуына үлесі зор екені жайлы тәрбиешілермен бөлісу болды. Семинар басында хореограф өзінің балаларға би үйрету барысында қолданатын әдіс тәсілдері мен тәжірибелерімен таныстырды. Сонымен қатар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жеткен жетістіктері туралы айтып слайдта көрсетіп өтті. Семинардың екінші бөлігінде хореограф тәрбиешілермен «Сәнқой қыздар» атты биіне шеберлік сыныбын көрсетті. Тәрбиешілер би билеудің қыр – сырларымен танысты. Би қойылымын қойғанда балалардың жас ерекшеліктеріне сай және орындауға ыңғайлы қимылдарды таңдау қажет екені айтылды. Тәрбиешілер би билеп балалар әлеміне осылай саяхат жасап, біраз қажетті мағлұматтар алды. Семинар соңында хореграф тәрбиешілердің сұрақтарына жауап берді. Тәрбиешілер хореографке, балаларды өнерге, шығармашылыққа дамытуда аянбай еңбек ете беріңіз деген жылы лебіздерін білдірді.