28 қараша 2016 жылы «Айналайын» бөбекжайында «Балабақшадағы дене тәрбиесі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Балалардың денсаулығын жақсарту, ширақ, жігерлі,икемді,сымбатты етіп өсіру балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған міндетінің бірі. Сол себепті семинардың мақсаты сабақтарда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы балалардың қимыл-қозғалыс, іс-әрекетін дамыту жағынан әріптестер мен әдістемелік көмекпен бөлісу болды. Семинарға бөбекжайлардың әдіскерлері мен дене тәрбиесі нұсқаушылары қатысты. Дене тәрбиесі нұсқаушысы Ж.Б Айтпаева өз тәжірибесімен бөлісіп, «Балабақшадағы дене тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды. Семинарға қатысқан әдіскерлер мен педагогтар семинардың өтуі жөнінде өз пікірлерін айтып, ұсыныстар жасап жақсы өтті деп бағалады.