Ағымдағы жылдың 5 - 6 қарашасында Қарағанды қаласында өткен «Тәй-тәй басқан балапан» - атты облыстық ән - би фестиваль байқауына «Айналайын» бөбек жай балабақшасының әнші биші бүлдіршіндері қатысып қанжығаларына жүлделерді байлап қайтты. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған байқаудың ән номинациясы бойынша тәрбиеленушісі Жүнісов Нұрхан «Қошақаным» әнін шырқап 3-ші орынға ие болды. «Жақсы көрем» әнімен шыққан жез таңдай әнші қызымыз Қайрат Аяжан 2- ші орынды иеленді, өзінің салмақты да кербез мінезімен әділ қазылар алқасын таңқалдырған кішкентай әнші Оразақын Жалғас «Отан туған еліміз» - атты әнімен жүлделі 1- ші орынды иеленді. Сонымен қатар хореография номинациясы бойынша «Айналайын» би тобының бүлдіршіндері Татар халқының «Достық» биін билеп 1- ші орынға ие болды. Музыка жетекшісі М.Ә.Сүлейменовпен мен хореограф П.М.Нуршаеваның да еңбектері бағаланып «Үздік жетекші» алғыс хаттарымен марапатталды. Осылай кіп кішкентай болсада қанаттарын кеңге жайған бүлдіршіндеріміз балабақша атын ғана емес, қаламыздың да атын облыс жұртшылығына паш етті. Бүлдіршіндерімізге және де оларды жетелеп жүрген ата- аналарымызға да алғысымызды білдіреміз. «Тәрбиенің бастауы тал бесіктен», «Бұлақ көрсең көзін аш» деген қанатты сөздерді алға мақсат етіп қойып өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, өнерді сүюге, өз елінің кірпіші болып қаланатын азамат болып өсуіне, әр қайсымыз үлес қосып отырсақ нұр үстіне нұр болары хақ.
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/285-ajnalajyn-zh-ldyzdary-ta-y-da-biikten-k-rindi.html#sigFreeIde70db03bdb












