Ағымдағы жылдың 10- шы қыркүйегінде қаламызда отбасы күніне арналған «Отбасы – бақытты планета» - атты қалалық әдеби – музыкалық композициялар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: тұрғындарды, жастарды отансүйгіштікке, отбасы мен отбасылық құндылықтарды құрметтеуге шақыру. Жастардың, балалардың мәдени шығармашылық өнерлерін дамытуға жағдай жасау.
Аталған іс– шараға «Айналайын» бөбекжайы ұжымында қала тұрғындарына өз өнерлерін тарту етті.Музыкалық қойылым барысында, отбасында ата ананы құрметтеу, жұбайлардың бір біріне деген сыйластықтары, балаға деген, баланың ата анаға деген сүйіспеншіліктерін қойылым ішінде көрсете білді. Көрермендер мен қазылар алқасының көзайымына айналған «Айналайын» ұжымы осылай өз өнерлерін ортаға салып, жүлделі 1 орынға ие болды.
{/gallery}/news/60{/gallery}












