Отбасы күнін атап өту мақсатында 10-қыркүйек күні «Отбасы- бақытты планета» атты отбасылық эстафеталық сайыс өтті. Сайысқа «Айналайын» бөбекжайынан Сайлыбай отбасы, «Балақай» бөбекжайынан Юсуповтар отбасы, «Балбөбек» бөбекжайынан Зайнуллаевтар отбасы, «Еркетай» шағын орталығынан Макишовтар отбасылары қатысты. Сайыскерлер өз ұрандарымен таныстырып өткеннен кейін жарыстың бірінші кезеңі жалғасты. «Тасымақ», «Қар жасап, жинау», «Тұсау кесу», «Кім жылдам?», «Музыкалық сәлемдеме» секілді жарыстардан бәсекеге түсті. Сайысты көрермендер қызыға тамашалады.
Сайыстың мақсаты – отбасылардың спортқа қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын нығайту, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.
Жалпы отбасылар жарысы – тәрбиелік маңызы зор шара болды. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерін жан-жақты екенін көрсете білді.
Қызықты да әрі тартымды өткен эстафеталық сайыста отбасылар номинациялармен марапатталды . Сайыста белсенділік танытқан отбасыларға мақтау қағаздары және сыйлықтар табыс етілді.












