Мамыражай мамыр айының соңғы күнінде“Айналайын” бөбекжайында ересектер “Қарлығаш” тобының «Қош бол, балабақшам» атты бөбекжаймен қоштасу мерекелік ертеңгілігі өтті. Ертеңгілікке балаларға қонаққа Көктем ханшайымы мен ертегілер елінен Дымбілмес, Жалқаубек келді. Балалар бес жылын өткізген бөбекжайына қимастықпен қарап, толқуменен өз лебіздерін білдіріп жатты. Түлектер барлығы бірге  қосылып “Қош бол, балабақшам” әнін орындады. Қыздар мың бұралып вальс билесе, ал ұлдарымыз да қалыспай, «жаңа заман» биін билеп берді. Көктем ханшайымына өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар қонаққа келген Сайқымазақ балалармен және ата-аналармен  түрлі ойындар ойнады.   Ертеңгілігіміздің  соңында әнші қыздарымыз ән шырқап, қыздар мен ұлдар “Кавбой” биін биледі. Мерекелік шараның соңы  бөбекжайды бітіруші түлектерді марапаттаумен, кептер ұшырумен аяқталды.