1 мамыр халықтар достығы күні мерекесіне орай, «Айналайын» бөбекжайында ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің басында балалар «Көк ту және достар» атты мультфильм тамашалады. Мульфильм желісі бір шаңырақ астында яғни Қазақстанда тұратын өзге ұлт балаларының арасындағы достықты, ынтымақтастықты, бауырмалдылықты көрсетеді. Мультфильмнен соң бөбекжайдың өнерлі бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Биші балалар қазақ, орыс, өзбек, кәріс, грузин, ураин билерін биледі. Сонымен қатар достық туралы әндер шырқалды.