2016 жылдың 28-наурызында театр күніне арнап «Сиқырлы тіл» зертханасының мүшелерінің  ұйымдастыруымен сахналық қойылым көрсетілді. Сахналық қойылымда балалар мульткейіпкерлердің рөліне кіре отырып, олардың мінез құлықтарын бере білді. Бұл жолы біздің бүлдіршіндер қазақ мультфильмдерінің бірі «Қошқар мен теке» ертегісін сахналады. Біздің бүлдіршіндеріміз өз рөлдерін өте жақсы атқарып шықты, және де өте қызықты болды. Сюжетті-рөлдік ойындар – бала тілі мен шығармашылығының дамуының жарқын дәлелі.