Ағымдағы жылдың 12 - ші наурызында балабақшамыздың бүлдіршіндері «Айналайын» би тобы және 3 әнші бүлдіршіндеріміз Алматы қаласында өткен Республикалық «Алғашқы қадамдар» атты байқауға қатысып қайтты. Бұдан алдын облыстық деңгейде бақтарын сынап 1 орын жүлдесімен оралған бүлдіршіндер, бұл жолы республикалық байқауға жол тартып жүлделі орындармен оралды. Кішкентай бишілер «Неміс полькасы» биімен 1 орынға, Әбілда Айгул «Жақсы көрем» әнімен 3 орынға, Архабаева Айсана «Әкешім» әнімен 2-орынға, Пердебай Алмас «Қазақстаным» әнімен 2-орынға ие болды. Өнерлі балапандар көпшілік алдында өз өнерлерін паш етіп көрермендердің көзайымы бола білді. Бүлдіршіндерімізге әр дайым биік белестерден көріне беріңдер демекпіз.
http://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/257-al-ash-y-adamdar.html#sigFreeIddfd156a4a6












