2016 жылдың ақпан айының 25-де Қарағанды қаласында мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің «Заманауи мектепке дейінгі білім: негізгі бағыттары, мәселелері, келешегі» тақырыбында ІV Облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған ІV Облыстық ғылыми-практикалық конференцияға Приозерск қаласы «Айналайын» бөбекжайынан төрт мақала ұсынылған еді. Олар: «Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамыту» А.Ж.Кульмаганбетова «Айналайын» бөбекжай директоры; «Мектепке дейінгі ұйымда психологиялық сүйемелдеу» Х.К.Искакова, педагог-психолог; «Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты нығайту» Кульмагамбетова Ж.Ж. және Кисекеева Қ.Т., тәрбиешілер; «3-4 жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін ойын арқылы арттыру» Алинбаева Р.Т. және Хизирова Д.М., тәрбиешілер. «Айналайын» бөбекжайынан ұсынылған материалдар «Заманауи мектепке дейінгі білім: негізгі бағыттары, мәселелері, келешегі» тақырыбындағы мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің ІV облыстық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына енді.

ІV Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысында «Айналайын» бөбекжай директоры Кульмаганбетова Айткуль Жеңісқызы «Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамыту» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.