«Айналайын» бөбекжайында 8 наурыз мерекесіне орай «Балдырған» тобында «Мерекеңізбен анашым» атты ертенгілік өтті. Балаларға қонаққа қөктем аруы келді. Аналарға, балаларға үлкен қуанышты күн болды. Ертеңгіліктің кейіпкері көктем аруы, қыздармен би биледі. Балалар өз аналарын сәндеп, әдемілеп аналарына қуаныш сыйлады. Көктем күннің көзіндей аналары  жарқырап, сұлуланып, көрермендер алдында  дефиле көрсетті.Қыздарға арнап ата-аналар атынан күй орындалды. Балалар аналарына арнап тақпақтар айтып сыйлықтарын сыйлады.Аналар да, балалар да бірге шаттанып, қуанып өздеріне мерекелік әсер қалдырды.