04 ақпан күні біздің «Айналайын» бөбекжайында «Балдырған» ортаңғы тобында ашық сабақ өтті. Балалар «Сан заттың көлеміне бағынбайды. Санның заттардың шамасына тәуелсіздігі. Реттік санау. «Кең», «тарлау», «тар», «ең тар» ұғымдары» тақырыбын меңгере отырып, балалар тәрбиешінің өзі шығарған «Күшік пен көжектің үйшіктері» атты ертегісін тамашалады. Балалар қызығушылықпен әртүрлі тапсырмаларды орындады. Қонаққа келген Қымбат атты қуыршақтың «Қуыршақты дұрыс киіндір» жапсыру тапсырмасын екі топқа бөлініп ат салысып жасады. Келген қонақтарды балалар өз білімдерімен және қызықты ойындарымен тәнті қылды.