Мектепке дейінгі білім берудің басымдылықтарын нығайта отырып, балабақша-бөбекжай тәрбиешілердің мамндығы туралы жағымды көзқарас қалыптастыру мақсатында Приозерск қаласында қалалық «Үздік тәрбиеші -2016» байқауы өтті.

«Үздік тәрбиеші -2016» байқауына қаладағы 4 балабақша тәрбиешілері қатысты. «Айналайын» бөбекжайынан Байжанова Назипа Тойлыбайқызы өз бағын сынап көрді.

Қалалық байқау ІІ кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңі 30 сұрақтардан тұратын педагогикалық қызметке байланысты тест болды. Екінші кезеңі 4 турдан құралған. Байқаудың екінші кезеңі «Балақай» бөбекжайында өтті. Бұл кезеңде І туры «Мен - өз ісімнің шеберімін»: тәрбиешілердің портфолио жинағы, сөздік шеберлігі қарастырылды. Бағалау критерилеріне: педагогтың көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі; өзін-өзі таныстырудағы шығармашылық қадамы; тәрбиешінің сахналық бейнеге енуі бағаланды.

ІІ тур «Шығармашылық шеберхана». Мақсаты: тәрбиеші өз қолымен жасаған бір шығармашылық жұмысына қызықты тұрғыда жарнама жасау. Бағалану критериі: жұмыстың эстетикалық талапқа сай болуы; шығармашылық жұмысты орталық жұмыста қолдануға тиімділігі.

ІІІ тур «Сұрақ-жауап» сайысы (қатысушыларға сұрақтар қойлады)

ІV тур «Өз өнерін көрсету» сайысы (әр-түрлі жанрдан өнер көрсету)

Байқау тапсырмаларын бағалау нәтижесінде байқау жеңімпаздарына І,ІІ, ІІІ жүлделі орындар берілді және келесі номинациялар бойынша: «Шығармашыл тәрбиеші», «Ізденімпаз педагог», «Замануи тәрбиеші» марапатталды.

«Айналайын» бөбекжайынан жас маман Байжанова Назипа Тойлыбайқызы қатысты. Байжанова Назипа Тойлыбайқызының еңбек өтілі 3 жыл 4 ай.

Назипа Тойлыбайқызы өз кәсібінің маманы. Жағдайға тез бейімделгіш, ұйымдастыру қабілеті жақсы. Басты міндеті-қызыметте белсенділік тудыру. Сол себепті де байқаудың әр кезеңіне белсенді қатысып, өз бойындағы бар өнерін, педагогикалық қабілетін көрсете білді. Назипа Тойлыбайқызының бойында ән айту, би билеу өнеріде бар, шығармашыл, сахнада өзін ұстауы да өте мәдениетті.

Қолдан, табиғи заттардан жасалған, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануға тиімді құралдар да қазылар көңілінен шықты. Әр зат табиғи материалдардан және эстетикалық талғамға сай жасалуы, әр құралдың мақсаты, баланы жан-жақты дамуына себебін тигізуі айтылып өтті. Жарнама ретінде әр құралға өлең шумақ шығарылып, қолдану тәсілі көрсетілді.

Сұрақ-жауаптар да тәрбиешінің ойлау қабілетін, оның тапқырлығын талап етті, бұл жерде де тәрбиеші сүрінбей өтті десекте болады.

Өз өнерін көрсету сайысы тәрбиешінің бойындағы тума берілген өнерін көрсетуге жол болды. Бөбекжай педагогтары өз қолдауларын беріп отырды, соңғы шығармашылық сайысында да әннің тақырыбына қойылым көрсетті.

Барлық жағынан өз педагогикалық шеберлігін эстетикалық талғамға сай, бойындағы өнерін, сөз шеберлігін көрсете білген Назипа Тойлыбайқызы І жүлделі орынға сай болып, ұтып шықты.

10 жылдық тарихы бар «Айналайын» бөбекжайы өз деңгейін, педагогтар ұжымының бірлесе отырып талай жеңістерге қол жеткізе алатынын дәлелдеді. Тағы бір белес, тағы бір жеңіс «Айналайын» бөбекжайының қоржынында.