Қаңтар айының 13 жұлдызында «Білімпаз» таным зертханасының мүшелері«Мамандық әлемінде» тақырыбында  шеберлік сыныбын өткізді. Мамандық таңдауда     жауапкершілікпен қарауға назар аударту,таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау мақсатында жүргізілген бұл іс-шара қатысқан педагогтардың өз ойларын, армандарын жеткізуге толық мүмкіндік алды.

Шеберлік сыныптың барысы тренингтерден, 5 түрлі  дидактикалық ойындардан құрылды.Әр педагог өз таңдаған мамандығы туралы ойларын, асқақ армандарын ортаға салды.

Шеберлік сыныптың соңында әріптестеріміз алған әсерлерімен бөлісті. 

Қаңтар айының 12 жұлдызында  «Қарлығаш» ересектер  тобының тәрбиешісі Кульмагамбетова Ж.Ж. сауат ашу, қатынас білім саласында «Мм»дыбысы және әрпі» атты тақырыпта ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізді. «М» дыбысы және әрпімен таныстыру, балалардың ойларын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоғары деңгейде өтті.  Балалар «м»дыбысымен  және жаңа сөздермен танысумен қатар, сол сөздерді буынға бөле білді. Сонымен қатар мысық, марғау сөзеріне билингвальді компонент жүргізілді. Балалар бұл ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне аса зор ынтамен, қызығушылықпен қатысып отырды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойын және кіріктірілген сабақ түрінде өткізілді. Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне ертегілер елінен Мақта қыз келді. Балалар Мақта қыздың дайындап әкелген тапсырмаларын орындап, жұлдызшаларға ие болды.