«Айналайын» бөбекжайында желтоқсан айының 30 жұлдызында «Күншуақ» ортаңғы тобында Қатынас білім беру саласы бойынша Көркем әдебиеттен ашық ұоіә-ті өтті. Тақырыбы: «Қолғап». Ашық сабақ мақсаты: Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңімен таныстыру. Балаларды өлең мазмұнын түсіндіре отырып жаттауға үйрету. Таңғаларлық сәтте балаларға « Ғажайып сандықты» көрсету арқылы ішіндегі тапсырмаларды орындату еді. Балалар жұмбақтардың жауабын тапты. Сонымен қатар «Сыңарын тап», «Қиынды суреттер» дидактикалық ойындары ойнатылды.












