15-ші желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай дене тәрбиесі нұсқаушысы Айтпаева Жанар Бейсембайқызы «Біз-азат елдің ұланымыз!» атты отбасылық сайыс өткізді. Сайысқа ортаңғы    және ересектер тобы тәрбиеленушілері ата – аналарымен қатысты. Сайыскерлер өз ұрандарымен таныстырып өткеннен кейін жарыстың бірінші кезеңі жалғасты. Сайыс 5 кезеңнен болды. Спортты серік еткен сайыскерлер ойынға белсене қатысты. Сайысты көрермендер қызыға тамашалады. Жалпы отбасылар жарысы – тәрбиелік маңызы зор шара болды. Осындай тәлімді шараға қатысқан отбасылар өздерін жан-жақты екенін көрсете білді. Қызыққа толы сайысты қазылар алқасы қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынға «Атамекен» тобы   Анафияевтар отбасы ие болса, «Барыс» тобы  Жолдасбековтар отбасы екінші орынға қол жеткізді. Ал, «Жасұлан» тобы  Панабековтар отбасы үшінші орынды қанағат тұтты. Сайыста белсенділік танытқан отбасыларға мақтау қағаздары   мен сыйлықтар табыс етілді.