«Көп білген, аздық қылмас»
2015 оқу жылының кезекті педкеңесінде «Қызықты әлем» психологиялық зертхана мушелері мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған шебер сыныбын өткізді. Шебер сынып тақырыбы «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы».
Психологиялық зертхана педагогтарға арттерапия әдісі туралы түсінік берді. Бұл әдістің балалардың жанын түсінуге, олардың бойындағы сезімдерін, үрейлерін анықтау үшін өте тиымды және тек балалар емес ересек адамдармен де жұмыс жасауда қолдануға болатыны туралы айтылып өтті.
Арттерапия әдісінің түрлері туралы айтылып, бүгінгі педкеңесте зертхана мүшелері осы әдістің бейнелеу және ертегітерапия түрлерімен жақын таныстырып, оны практика жүзінде көрсетті.
Педагогтар 4 топқа бөлініп, әр топқа жеке тапсырмалар берілді. Бірінші топ - өз отбасының суретін адам кейбінде салу; екінші топ - өз отбасының суретін жануарлар бейнесінде салу; үшінші топ - өз отбасының суретін ертегі кейіпкерлер бейнесінде салу; төртінші топ – (ертегітерапия) қалауынша 10 сөз жазып, енді осы сөздерді қолдана отырып ертегі құрастыру еді.
Бұл тапсырмалар мақсаты, ол арттерапия әдісін практикада қолдану арқылы педагогтардың шеберліктерін арттыру және осы әдіс арқылы біз ата-ана мен баланың қарым-қатынасы қандай екенін, бала жанын қалай түсунуге болады және оның отбасындағы жағдайын сурет арқылы анықтау еді.
Шебер сынып соңында педагогтарға «көңілді фигуралар» рефлексиясы ұсынылды. Педагогтар барлығы бір ауыздан «шебер сынып» жоғары деңгейде өтті деп өз ризашылықтарын білдірді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/zhanaly-tar/234-sheber-synyp-art-terapiya-nermen-emdeu-shy-armashyly-terapiyasy.html#sigFreeId7b3e4692f2












