
Желтоқсан айының 11-12 жұлдызында Алматы қаласында «Алатау» шипажайында» «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен VІІІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті.
VІІІ Республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.к. Қирабаева Шолпан Ақашқызының құтықтау сөзімен ашылды.
Фестиваль мақсаты: инновациялық жобаларды қорғау, жұмыстағы жаңалықтармен, педагогтардың өзара іс-тәжиребелірімен бөлісуі. Бұл фестивальға облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Фестивальдің бірінші күні бағыттар бойынша секцияларда инновациялық жобаларды қорғау жұмыстары жүргізілді. «Айналайын» балабақшасынан директор А.Ж.Кульмаганбетова және психолог Х.К.Искакова «Мектепке дейінгі мекемеде инклюзивті тәрбиені дамыту» жобасымен «Білім берудегі менеджмент жүйесі» бағытындағы секция жұмысына қатысып, «Жаңашыл педагог» номинациясына ие болды.
Тағы айта кетер жақсы жаңалық, Қарағанды қаласындағы Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиналыста «Айналайын» балабақшасының директоры А.Ж.Кульмаганбетова Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» награттталды.
Бұл жетістіктер, «Айналайын» балабақшасы ұжымының ерінбей еңбек етуінің арқасында деген ойдамыз.Жетістіктеріңіз құтты болсын, «Айналайын» балабақшасының ұжымы.












