Мемлекеттік аттестация құрамында: Қарағанды облысы білім саласын бақылау Департаментінің бас маманы Нұрғалиева С. А., Қарағанды қаласындағы мектепке дейінгі білім беру шағын орталықтарының әдіскерлері Қасымова Г. Б. және Садуова Э. Т., Приозерск қалас ының білім беру дене шынықт ыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушіс і  Ахметова С. Т.мектепке дейінгі мекеме қызметіне бағалау жүргізді.

Мемлекеттік аттестация барысында  тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетілді.КМҚК «Айналайын» бөбекжай-бақшасы өз жұмысын көрсетті.  «Айналайын» бөбекжай-бақшасының жұмысы бағаланып, ҚР МЖББС талаптарына сай екендігі анықталып, 5 жылға аттестациядан өтті.