«Тірек мектебі жағдайында инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесі» атты аймақтық семинар-практикум осы үстіміздегі жылдың 13-14 ақпан айында Қарағанды қаласы № 27 мектеп қабырғасында өтті. Бұл семинардың өткізілу мақсаты: Инклюзивті білім беру саясатын іске асыру және № 27 мектеп базасында «Бейінді мектеп – барлығына арналған мектеп» тірек мектебінің іс-әрекетімен танысу, біртұтас білім беру, әдістемелік кеңістікті құру болды.

Аймақтық семинардың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы,Қарағанды қаласының білім бөлімі  және № 27 мектеп.

Аймақтық семинарға біздің «Айналайын» балабақшасынан директор Күлмағанбетова А.Ж және педагог-психолог Искакова Х.К. қатысты.

  Аймақтық семинардың бірінші күні «Инклюзивті тәрбие және осы саладағы мұғалім-дефектолог,  арнайы логопед-педагог, психолого-педагогикалық көмек үрдісінің жұмыстары, сонымен қатар № 27 мектеп қабырғасында оқитын оқу қабілеті төмен деңгейдегі оқушыларға және түзету жұмыстарына арналған сабақтардың презентациясы көрсетілді. Екінші күні Дөңгелек үстел аясында ресурстық орталықтарды дамыту, біртұтас білім беру, әдістемелік кеңестерді құру бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. «Айналайын» балабақшасының директоры Күлмағанбетова А.Ж және педагог-психолог  Искакова Х.К «Инклюзивті тәрбие» баяндамасын оқыды. Баяндама мазмұны балабақша тынысымен таныстыру және инклюзия бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы болды. Себебі өткен жылы «Айыналайын» балабақшасы «Инклюзивті тәрбиені қолдану және монтессори әдістемесін енгізу» бойынша үлкен жоба қорғап, осы жұмыс оқу-тәрбие барысында қолданылып іске асырылуда.

 «Айналайын» балабақшасынан аймақтық семинарға қатысушылар Сертификатпен оралды. Бұл семинардан педагогтар жағымды жақсы әсермен қайтты.