
Қазіргі күні «Айналайын» балабақшасының педагогтар ұжымы биылғы оқу жылында қолға алған «Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті тәрбиені дамыту» жобасының мақсат, міндеттерін айқындап, осы жоба аясында балабақшада инклюзивті тәрбиені дамыту бағытында 5 даму зертханаларын ашып, әдістемелік кеңес отырысында оның жоспарларын балабақша директорымен бекітті. Олар: «Денсаулық» зертханасы, «Шығармашылық» зертханасы, «Логопедтік» зертханасы, «Музыкалық» зертханасы, «Психологиялық, педагогикалық» зертхана және «Монтессори» даму бөлмесі.












