«Дені сау ұлт – жалпы ұлттық міндет»
Н.Ә.Назарбаев
«Айналайын» балабақшасының ұжымы арасында өткен
психологиялық тренинг «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері»
«Денсаулық – ауру мен дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, адамның дене, жан саулығы мен әлеуметтік толық амандық жағдайы». Отбасының әлеуметтік жағдайы, түрлі аурулармен ауру, көңіл күйдің мазасыздығы, түрлі жағдайларға адамның нашар бейімделуі, осы қиыншылықтардан арылу, жеңіп шығу үшін арнайы мамандардың және психологтардың көмегі керек.
Адам денсаулығына сыр беретін жағдайдың бірі – кикілжің. Ол өздігінен туындамайды, адамның мінез–құлқына байланысты болатын жағдай.
Кикілжіңнің алдын алу үшін, ең алдымен адам дұрыс сөйлеу мәнерін және ыңғайына қарай шешім қабылдай білуі қажет. Кикілжің ең алдымен отбасындағы қарым-қатынас мәселесінен туындайды, екіншіден адамдар арасындағы келіспеушіліктен,бір-бірін түсінбеушіліктен, келесі материалдық қажеттіліктен және рухани қажеттіліктен туындайыды. Бұл кикілжің мәселесі дер кезінде шешілмесе ол стресске апарып соғуы мүмкін. Ал стресс дегеніміз жүйке жүйесінің зорығуы. Стресстік жағдайда адам ашулы,ызалы болады –бұл сезімдерде адамның денсаулығына зиян келтіреді және көп қателіктерге апарып соғады.
Кикілжіңнің алдын алу , стресске ұрынбау үшін адамдар өзара келісімге келу керек. Келісім – бұл келешекте алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін адамның бірге күш қосуы, өзара сыйластыққа, кешірімділікке, түсіністікке келу.
Кикілжіңсіз өмір жоқ. Қандай да бір жұмыс орны болмасын кикілжің туындамай тұрмайды. Алайда адамдардың кішіпейілдігі, кешірімділігі арқасында бұл мәселе өзінің шешімін тауып отырады. Кикілжіңнің, стресстің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін түсінгеніміз абзал. Адамның істеген жақсылығынан жаны рахаттанады. Өйткені, адам саналы тіршілік иесі.
«Айналайын» балабақша ұжымының арасында «Кикілжіңнің денсаулыққа әсері» атты тренинг өтті. Тренинг барысында кикілжіңнің неден туындайтыны, неге апарып соғатынын және денсаулыққа қандай әсер тигізетінің ортаға салынып талқыланды. Кикілжің қандай кезде туындайтыны туралы жағдаяттар ұсынылды. Балабақша ұжымы ортаға өз ойларын салып, себеп-салдардан қалай шығу жолдарын қарастырды.Тренинг соңында балабақша ұжымы бүгінгі тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.
Денсаулық – адамның дене бітімінің саулығы ғана емес, ішкі жан дүниесінің де саулығы. Деніміз сау, жан дүниеміз сұлу, тату-тәтті өмір сүрейік !












