Бөбекжайымызда 15 желтоқсан күні Р.Т. Алинбаеваның ұйымдастырумен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дәстүр мен ғұрып» жобасы бойынша «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛ ӨНЕРІ» байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - педагогтардың шығармашылық таланттарын шыңдау. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Байқауға 8 педагог қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Байқау 4 кезеңнен тұрды, әр кезең жеке тапсырмалар беріліп, әділ-қазы алқасы арқылы бағаланып отырды.
Байқау қорытындысы бойынша ең мықты шеберлер анықталды. Жүлдегерлер алғыс хаттарына ие болды.
#руханижаңғыру
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/624-d-st-r-men-ryp-zhobasy-bojynsha-aza-khal-yny-ol-neri-baj-auy-tti.html#sigFreeIdd5f7f942c8












