"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, 3- желтоқсан күні, Айналайын бөбекжайында "Әлем таныған ұлы Абай" атты семинар болып өтті. Семинарда жас ұрпаққа Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатқа алына отырып, ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстырылды. Шығармаларына шолу жасалды. Өлеңдері мәнерлеп оқылып, әндері айтылды.Қарасөздері оқылды. Ересектер тобының тәрбиешісі Турарова Гүлжайна "Өлең сөздің патшасы" өлеңін мәнерлеп айтты. Және де "Жұлдыз" тобының тәрбиешісі Байжанова Назипа " Желсіз түнде жарық ай" әнін орындады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың есімі мәңгі жасасын!
#руханижаңғыру
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/622-ajnalajyn-b-bekzhajynda-lem-tany-an-ly-abaj-atty-seminar-bolyp-tti.html#sigFreeIdf6da4798f1












