2020 жылдың 8 қазан күні "Айналайын" бөбекжайында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Латын әліпбиі - өркениетті әлемге апарар жол" тақырыбында түсіндіру жұмыстары өтті.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты - рухани жаңғырудың темірқазығына айналған латын әліпбиінің қабылдануына байланысты пікіралмасу. Жаңа қабылданған латын графикасы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру және маңыздылығы туралы ақпарат беру. Жаңа қазақ әліпбиі - рухани жаңғырудың негізі екендігі, латын әліпбиінің орны мен латын әліпбиінің заманауи өзектілігі талқыланды.
Латын әліпбиі - ұлттық сана-сезімді нығайтуға ықпал ететін, әлемдік тіл кеңістігіне біріге түсуге жол бастайтын аса маңызды қадам. Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.
Біздің ұжым осы игі істің басы-қасында жүруге әр кез дайын.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/617-latyn-lipbii-rkenietti-lemge-aparar-zhol-ta-yrybynda-t-sindiru-zh-mystary-tti.html#sigFreeIded120909d0












