2020 жылдың 17 қарашасында "Айналайын" бөбекжайында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу насыр әл-Фараби туралы "Әбу насыр әл-Фараби - шығыстың ұстазы" атты семинар өтті. Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұраларды ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан тарих перзенттерінің бірі және бірегейі әл-Фарабидің бай рухани мұрасын насихаттауды мақсат еткен шараға бөбекжай ұжымы қатысты. Семинар барысында ғұлама ойыншылдың өмірі мен оның еңбектерінің құндылығы, маңыздылығы қарастырылды. Семинарға қатысушылар әл-Фараби туралы презентацияны тамашалап баяндаманы тыңдады. Іс-шарада ғұлама ойшылдың өмірі мен ғылымға әкелген үлкен үлесі тұралы кеңінен сөз болды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/616-bu-nasyr-l-farabi-shy-ysty-stazy-atty-seminar-tti.html#sigFreeId69677e19da












