2020 жылдың 13 қараша күні "Айналайын' бөбекжайында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында "Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы" жобасы бойынша "Қазақтың халық әндері" атты ән кеші өтті.
Мақсаты: Халық әнінің қадір-қасиетін ұғындыру. Халық әндерін эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу. Қазақи мәдениетке баулу. Ән кешті "Қарлығаш"тобының тәрбиешісі Тұрарова Гүлжайна "Ақжайнақ"әнімен ашты. Әр түрлі тақырыпта шырқаған әндер біздің халықтың рухани бай екендігін көрсетті. "Балдырған" тобының тәрбиешісі Жетібаева Гүлзат "Әнім сен едің", "Күншуақ"тобының тәрбиешісі Байдосова Гүлия "Алтыным", "Жұлдыз" тобының тәрбиешісі Байжанова Назипа "Балапан қаз", Қырықбаева Райхан "Шофёрдің әні" , бөбекжайымыздың логопеді Беспаева Рабиға "Арыс жағасында' әндерін орындады. Ал екі дауыста ән салған бөбекжайымыздың дене шынықтыру нұсқаушысы Айтпаева Жанардың және бөбекжай хореографы Нұршаева Перизаттың "Ауылға сағыныш" әні адамға ой салып, ауылды еске түсірді.
#руханижаңғыру
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/615-aza-ty-khaly-nderi-atty-n-keshi-tti.html#sigFreeId46e70e09c6












