"Айналайын" бөбекжайында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру барысында "Латын графикасы - тіл тазалығына төте жол" атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Латын әліпбиіне көшу кезеңдерге сәйкес педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруда әліпбидің әдістемелік мәселелері мен емле ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылау. Аталған іс-шарада жаңа емле ережесінің жобасы таныстырылып, кейбір дыбыстарға, шет тілінен енген сөздердің жазылуына қатысты пікірлер тыңдалды. Бұл бағыттағы жұмыстар болашақта да жалғаса бермек.
#руханижаңғыру
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/612-latyn-grafikasy-til-tazaly-yna-t-te-zhol-atty-ta-yrypta-seminar-tkizildi.html#sigFreeId97bf204c9b












