"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Айналайын" жағдайында "Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу" жобасы бойынша "Қазақстанның латын қарпіне көшу не өзгертеді " тақырыбында пікір-талас алаңы өтті. Мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Іс-шара барысында, әліпбиді өзгерту кезіндегі қорқыныштар, әліпби болашағы мен құрылымы туралы ұсыныстар, талап-тілектер көптеп айтылды. Бөбекжай тәрбиешісі Г.А.Жетибаева - "Бәріміз білетіндей Елбасымыз 2025 жылға дейін латын әліпбиіне қолданысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі таңда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, біреулері асығыстық жасамайық деп сақтандыруда. Мұндай пікірлердің айтылуы занды құбылыс деп ойлаймын. Қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. Сондықтан, мен осы бағдарламаны қолдауға әрқашанда дайынмын" - деп өз ойын ортаға салды.

#руханижаңғыру