Приозёрск қаласы "Айналайын" бөбекжайында 2020жылдың 23-қазан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы" бағыты аясында, 1500 жылдан астам тарихы бар, Қазақ хандығының астанасы болған, Ұлы жібек жолының орталығына айналған Түркістан киелі шаһар - атты презентация көрсетіліп, таныстырылды. Іс- шараның негізгі мақсаты - Елімізге табиғат тарту еткен, ата-бабамыздан мұра болып қалған тамаша киелі жерлерді дəріптеп, насихаттап, рухани тарихымен танысу. Түркістан - мыңжылдық өркениеттердің торабы болған, тарихи кезеңдердің шежіресін жинақтаған, сан ұлт ұлыстың ұйытқысына айналған байтақ шаһар. Тарихы тереңде жатқан қасиетті киелі жерлер -халық жүрегінен мəңгілік орын алатынына сенімдімін. Ұрпақ дана болса ұлы дала - жетімсіремейді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/rukhani-zha-yru-2020/609-t-rkistan-kieli-sha-ar-atty-prezentatsiya-k-rsetilip-tanystyryldy.html#sigFreeId3431eefab4












