"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Дәстүр мен ғұрып "жобасын жүзеге асыру аясында "Айналайын " бөбекжайында 2020 жылдың 16 қазанында тамыры терең тартқан, ата-бабалар дайындаған, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамы "Сылқ етер" дайындалды. Мақсаты: ата-бабалар дайындаған ежелгі тағамдарды қайта жаңғырту. Қазақтың ұлттық тағамдары туралы, олардың пайдасы туралы айтып, мәдениеттілікке баулу. Қазіргі заманда жастардың көбі осы ұмытылып қалған тағамдарды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Күнделікті ішіп жеген астың адамның болмысына әсері барын ғалымдар әлде қашан дәлелдеп қойған. Ұлттық тамырдың ажырамас үшін өз елін,жерін сүйетін ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық тағамдарды білу маңызды.












