2021 жылдың 29 маусым күні "Айналайын" бөбекжайының тәрбиеленушілерімен "Нептун күніне" орай мерекелік іс-шара өтті.  Өткізілген іс-шараның мақсаты: балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Суда жүзу ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл-қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Мерекелік іс-шараға басты кейіпкер болып су патшасы - Нептун, су перісі және қарақшылар қатысты. Қатысушы кейіпкерлер қызықты ойындар ойнатты. Балалар іс-шараға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.