2021 жылы сәуір айының 09 жұлдызында «Айналайын» бөбекжайында «Балдырған» ересектер тобында, Ғарышкерлер күніне орай «Ұшақтар әлемі» атты эстафеталық сайыс өтті. Мақсаты: Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру; ғарыш әлемі және құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру; балаларды батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Сайыста балалар екі топқа бөлініп, өздерінің ұрандарын айтып, берілген тапсырмаларды шапшандылықпен орындады. Сайыста екі топта бірдей ұпай жинап, «достық женді» деген шешімге келіп, «Флешмоб» биімен аяқтады.
View the embedded image gallery online at:
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/701-sha-tar-lemi.html#sigFreeId5e292aed46
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/701-sha-tar-lemi.html#sigFreeId5e292aed46












