--«Айналайын» бөбекжайының, «Балдырған» ересектер тобында балалардың көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру мақсатында: халқымыздың ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған зиялылар көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы, ұлт тарихында аты мәңгі өшпейтін кемел тұлға – Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты ертегісін оқып, талдап, оқыған ертегіге сәйкес балалар сурет салып, қызығушылықтарын танытты.
«Ы.Алтынсариннің  әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі, оның көптеген әңгімелері тәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мәлім.