«Айналайын» бөбекжайының «Балдырған» ересектер тобында тіл мерекесіне орай «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тәрбие сағаты өтті.

   Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.              Балалар тәрбие сағатын Мемлекеттік Әнұранынмен  бастады.
Тәрбие сағатында балалар слайд арқылы көптеген мағлұматтар алды.  Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін түсініп, мақал-мәтелдер мен тақпақтарын айттып, белсенділік танытты. Балалар тәрбие сағатына қызығушылықпен қатысты.