Қазанның 28-ші жұлдызында «Айналайын» бөбекжайының «Балдырған» ересектер тобында «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Мерекеде балалар күз мезгілінің ерекше берекеге толы мезгіл екенін түсінді. Балаларға қонаққа Күз ханшайымы және Сайқымазақ келіп мерекемізді одан әрі қызықтыра түсті. Сайқымазақ балаларға сиқырлы шарларынның ішіндегі тапсырманы орындауға ұсыныс жасады, олар қуана келісіп тапсырманы оңайлықпен орындап қызығушылық танытты.
Балалар тақпақтарын айтып, ән салып, би билеп жақсы көңіл күймен мерекені өткізді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/597-azanny-28-shi-zh-ldyzynda-ajnalajyn-b-bekzhajyny-baldyr-an-eresekter-tobynda-berekeli-altyn-k-z-atty-erte-gilik-tti.html#sigFreeIdf041c5c133












