1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні!
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай 2020 жылдың 25 қараша күні «Айналайын» бөбекжайының «Балдырған» ересектер тобында «Елін сүйген-Елбасы» атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Мақсаты: ҚР-ның Тұңғыш Президенті туралы балалардың білімдерін кеңейту, өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Балалар педагогтармен бірлесе отырып, қолдарын кеуделеріне қойып мақтанышпен ҚР- ның Әнұранын шырқады, мәнерлеп тақпақтарын айтты және патриоттық әндерін орындады. Бұл іс-шара ең алдымен балаларды бір-біріне деген өзара сыйластық пен махабатқа, өз туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. «Елбасы дегеніміз кім» және ҚР рәміздерінің мағынасы жайлы алғашқы білімдерін осы балабақша табалдырығынан бастап үйренеді.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/595-1-zhelto-san-aza-stan-respublikasyny-t-ysh-prezident-k-ni.html#sigFreeIdd8c850fb2e












