2019 жылдың қараша айының 29 жұлдызында «Айналайын» бөбекжайында «Ата-аналар мен МДҰ арасындағы түсіністік көпірі» атты семинар тренинг өткізілді. Бұл семинарға балабақша ата-аналары қатысты. Семинардың мақсаты: әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп, өсу жолдарын жас ата-аналармен бірлесе қарастыру. «Дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында баяндама оқылып слайд арқылы көрсетілді. «Менің әлемге деген көзқарасым» тақырыбында ойын өткізіліп ата-аналар семинардан жақсы әсер алды.












