Қазіргі таңда бала тілінің кешігіп шығуы жиі кездеседі. Бұл, әсіресе 3 жастағы сәбилер арасында белең орын алған. Бала тілінің кешеуілдеуі тек, ата-аналарды ғана алаңдатып қоймай, дәрігерлер мен арнайы педагог мамандардың жүйелі жұмысындағы өзекті мәселе болып тұр. Сонымен қатар жанұядағы екі тілде сөйлесу, ата-анасы баламен сөйлесу кезінде тәмпіштеп, сөздерді бұзып сөйлеуі тілі шықпай жатқан баланың сөйлеу тілінің дауын шектейді.

 Осыған орай, ата-аналарға ұсақ моториканы дамыту, артикуляциялық жаттығулар, баланың ойлау қабілетін дамытатын, есте сақтау, зейінін тұрақтандыратын ойындардың түрлері көрсетіліп, ойындар ойнатылды.  Сондықтан баланың тілі кеш шықса ертерек алдын алу шараларын дефектолог, логопед мамандарымен бірігіп тығыз жұмыс жасаған жөн екендігі туралы ата-аналарға айтып, түсіндіріп өттік.