2019 оқу жылының қазан айының 25 күні «Айналайын» бөбекжайының қабырғасында мектепке дейінгі білім беру педагогтарына арналған семинар өтті. Семинар мақсаты:
Педагогтар мен баланың өзін-өзі дамытуын жүзеге асыруға көмектесетін, ақпаратты белсенді қабылдауға және шығармашылық тұрғыдан ойлауға, кретивтілік пен әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға ықпал ететін шеберлік сағаттарының тиімділігін көрсету.
Қалалық семинарға білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ.И. Ибраймова, «Балауса» коррекциялық шағын орталық әдіскері және педагог-психологы Г. Т.Узалина, «Еркетай» шағын орталығының меңгерушісі М.М, «Балақай», «Балбөбек», «Еркетай» балабақшаларының әдіскерлері және жас мамандары қатысты.
Семинарды бөбекжай директоры А.Ж.Кульмаганбетова алғы сөзімен ашты. Семинар барысында педагог-психолог Х.К.Искакова, тәрбиешілер: Р.Р.Кырыкбаева, Ж.Ж.Кульмагамбетова, хореограф П.М.Нуршаева балабақша тәрбиеленушілерімен ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін және педагогтарға арналған шеберлік сағаттарын көрсетті. Семинарды «Бұлт, гүл, көгал» рефлексиясымен қорытындылады.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/195-sheberkhana-innovatsiya-ortasy-md-pedagogtaryna-arnal-an-alaly-seminar.html#sigFreeId69e927627b












