ҚазАқпарат - Ресми мәліметтерге сүйінсек, қазіргі таңда Қазақстанда 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрып жатыр, бұл жалпы халық санының 3,5 пайызын құрайды. Солардың 69 мыңы балалар екен. Әлбетте олардың тағдыры әртүрлі, біреулер туа бітті кемтар атанса, енді біреулері тағдырдың тәлкегін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, осындай ортадағы адамдарға қамқорлық көрсету – қоғамның зор парызы. Осыған орай 2019 жылдың 11қазан күні Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай «Айналайын» бөбекжайында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара «Біз бақытты баламыз» тақырыбында өтті. Іс-шара мақсаты, ол балаларға бақыт, қуаныш, сүйіспеншілік құндылықтарының мағынасын түсіндіру. Сонымен қатар балалардың бойында адами қасиетін дамыту, ол өсіп келе жатқан ұрпақты сүйіспеншілікке, жанашырлыққа, қасындағы адамға түсінушілікпен қарап көмекке келе білуге тәрбиелеу. Бұл ертеңгілікке «Қарлығаш» даярлық тобының балалары қатысты. Мерекелік іс-шараға балалардың сүйікті кейіпкерлері Маша, Сайқымазақ қонаққа келіп, балалармен ойындар ұйымдастырып, көңілді билер биледі, ал балалар өз тарапынан тақпақтарын жатқа айтып, жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырды.
https://yaslisad-ainalaiyn.rka.kz/kz/is-sharalar/194-a-parat.html#sigFreeIddd54663593












